ЖӘННАТҚА апаратын бірден‑бір амал... Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис‑шәріпте: 📝 «Аллаһ Тағаланың 99 есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жәннәтқа кіреді», - дейді. 📙 Бухари, Китабул шурут – 1193 ⛅ Міне, бұдан Аллаһтың 99 есімін санап айтудың өзі жәннәтқа апаратын бірден‑бір амал екендігі мәлім болып тұр. Бұның өзі бір жағынан аз амалмен көп сауап алудың жолын көрсетеді. 🍃 Ұлы Жаратушымыз - Алла Тағаланың 99 көркем есімі! 🍃 1. Аллаһ 2. әр-Рахман – аса қамқор 3. әр-Рахим – аса мейірімді 4. әл-Мәлик – бүкіл әлемдердің егесі, әміршісі 5. әл-Қуддус – барша кемшіліктен пәк, қасиетті 6. әс-Сәлам – жаратқандарын амандықта ұстаушы 7. әл-Мумин – жүрекке иман беруші, азаптан қорғаушы 8. әл-Мухаймин – әр уақыт өз саясына алушы, үкімінің астына алушы 9. әл-Азиз – ұлы, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз 10. әл-Жаббар – өзінің үкімін барша әлемге жеткізуші, қалағанын күштеп жасатушы 11. әл-Мутәкәббир – барлық нәрседе ұлылығын көрсетуші 12. әл-Халиқ – барлық нәрсені жаратушы, жоқтан жаратушы 13. әл-Бари – кемшіліксіз жаратушы 14. әл-Мұсаууир - әрбір қалаған нәрсесіне бейне беруші 15. әл-Ғаффар – күнәларды кешіруші, жарылқаушы 16. әл-Қаһһар - қалаған нәрсесіне үстем болушы 17. әл-Уаһһаб – түрлі нығметтерді қайтарымсыз беруші 18. әр-Раззақ – жаратылғандардың рызық – несібесін беруші 19. әл-Фаттах – хайыр есіктерін ашушы 20. әл-Алим – барлық нәрсені өте жақсы білуші 21. әл-Қабид – рухтарды алып қалушы, жан алушы 22. әл-Басит – рызықты молайтушы, өмірді ұзартушы 23. әл-Хафид – кәпірлердің беделін түсіруші 24. әр-Рафиғ – муминдерді көтеруші, жоғарылатушы 25. әл-Муиз – ұлықтаған, ізеттілік пен күш беруші 26. әл-Музил – қиыншылықпен сынаушы 27. әс-Сәмиғ – барлық нәрсені естуші 28. әл-Басир – барлық нәрсені көруші 29. әл-Хакәм – үкім беруші, жақсыны жаманнан айырушы 30. әл-Адил - әділетті 31. әл-Латиф – құлдарына Лұтуф етуші, түрлі пайдаларға кенелтуші 32. әл-Хабир – барлық нәрседен хабардар 33. әл-Халим - пенделерге жаза берерде жұмсақ болушы 34. әл-Азим – заты мен сипаттарында өте ұлық 35. әл-Ғафур – аса кешірімді, жарылқаушы 36. әш-Шәкур – аз амалға көп сауап беруші, шүкіршілік иесі 37. әл-Алии – өте жоғары 38. әл-Кәбир - өте үлкен 39. әл-Хафиз – сақтаушы, бәлекеттерден қорғаушы 40. әл-Муқит – әрбір жаратылғандардың азығын беруші 41. әл-Хасиб - әрбір пенденің ғұмырлық һарекетінен есеп алушы 42. әл-Жәлил – ұлылық иесі 43. әл-Кәрим – өте жомарт 44. әр-Рақиб – барлық жаратылысты бақылаушы 45. әл-Мужиб – дұғаларды қабыл етуші 46. әл-Уасиғ – ілімі мен мейірімі кең 47. әл-Хаким – хикмет иесі, бүкіл ісінің хикметі бар 48. әл-Уәдуд – ізгі құлдарын жақсы көруші 49. әл-Мәжиид – беделі, аты өте жоғары және есімдері әдемі 50. әл-Баъис – өлгеннен кейін тірілтуші, пайғамбар жіберуші 51. әш-Шахид – әрбір нәрсеге куә болушы 52. әл-Хақ – бар екендігінде ешқандай өзгермеген, ақиқат, шынайы 53. әл-Уәкил – құлдарының істерін орындаушы 54. әл-Қауи – өте күшті 55. әл-Мәтин – өте берік, күшті 56. әл-Уәли – муминдерге дос әрі көмекші 57. әл-Хамид – мақтау мен мадаққа лайық 58. әл-Мухси – әрбір нәрсенің санын білуші 59. әл-Мубди – тіршілікті жоқтан бар етуші 60. әл-Муид – жаратылғандарды өлтіріп, қайта тірілтуші 61. әл-Мухи – тірілтіп, өмір беруші 62. әл-Мумит – жанды бір мақлұқтың жанын алушы 63. әл-Хай – тірі 64. әл-Қайюм – барлық нәрсені ұстап тұрушы 65. әл-Уәжид – қалағанын қалаған уақытта табушы 66. әл-Маажид – барлық есімдерімен жоғары, ұлық пәк болған 67. әл-Уахид – затында, сипаттарында, есімдерінде жалғыз 68. әс-Самад – еш нәрсеге мұқтаж емес 69. әл-Қадир – қалаған нәрсені істеуге құдіреті жетеді 70. әл-Муқтадир – барлық нәрсеге күші жетуші 71. әл-Муқаддим – қалаған нәрсесін қалауы бойынша бірінші кезекке қоюшы 72. әл-Муаххир – қалаған нәрсесін кейінге шегеруші 73. әл-Әууәл – бастауы болмаған 74. әл-Ахир – соңы болмаған 75. әз-Захир – бар болуы ашық болған 76. әл-Батин – заты мен болмысы жасырын болған 77. әл-Уали - әлемді жалғыз өзі басқарып иелік етуші 78. әл-Мутәали – нұқсандықтардан пәк 79. әл-Бәрр – құлдарына деген жақсылығы көп 80. әт-Таууаб – тәубелерді қабыл етуші 81. әл-Мунтақим – күнәні әділ түрде жазаландырушы 82. әл-Афуу – кешірімшіл 83. әр-Рауф – мейірімі көп 84. Маликул–мулк – мүліктің, дүниенің шынайы егесі 85. Зул-жәләли уәл-Икрам – ұлылық пен жомарттықтың иесі 86. әл-Муқсит – әрбір істі ретімен, уақытымен жасаушы 87. әл-Жамиғ – қалаған нәрсені қалаған уақытта бір жерге жинаушы 88. әл-Ғани – өте бай, ешкімге мұқтаж емес 89. әл-Муғни – қалаған пендесін бай етуші 90. әл-Мани – қалаған нәрсеге кедергі бола алушы 91. әд-Дзарр – қалағанын зиянға душар етуші 92. ән-Нафи – қалағанына көп пайда беруші 93. ән-Нур – нұрландырушы, нұр беруші 94. әл-Хади – дұрыс жолға салушы, хидаят беруші 95. әл-Бадиғ – ешқандай үлгісіз, мысалсыз жаратушы 96. әл-Бақи – мәңгілік, соңы болмайтын 97. әл-Уарис – мүліктің шынайы иесі 98. әр-Рашид – жол көрсетуші 99. әс-Сабур - асқан сабыр иесі

Теги других блогов: Аллаһ 99 есім жәннәт